Ақжол Құрманбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ақжол Құрманбек Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматы, NEGE. Оған 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тең келер қарсылас болмады. Екі сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Ақжол 316 (141 175) келі салмақты көтерді.
Айта кету керек, ол серпе көтеруде және жалпы нәтиже бойынша әлем рекордын жаңартты.
Екінші орынды өзбекстандық Бобурмирзо Ёкубов иеленді – 300 (136 164) келі. Ал үшінші орын Түрікменстан спортшысы Дидарбек Жұмабаевқа бұйырды – 298 (127 171) келі.