Актриса Динара Бақтыбаева ақ келін атанбақ

Динара Бақтыбаева тұрмысқа шығады.  Осы уақытқа дейін жеке өмірін жасырып келген актриса, жақында әлеуметтік желі арқылы болашақ жарын көпшілікке таныстырған еді.

Арудың жүрегін жаулаған серінің есімі - Арман Айтасов. Күйеужігіт үйленуге ұсынысты қыркүйек айында Дубайда жасаған. Атыраулық жігіт Канадада білім алыпты. Өнер әлеміне еш қатысы жоқ. Мамандығы инженер.

Айта кетейік, қос ғашық 2011 жылы мектеп қабырғасында танысқан. Күні кеше құда түсіп, құлағына сырға салынған актриса ұзату тойының қамына қызу кірісті. Динара наурыздың 6-сы ұясынан ұшса, үйлену той 7-сі өтпек.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады