Ақтөбенің Құршасай ауылында ауылдықтар Наурызды ерекше атап өтті

Ауыл жастары бастама көтеріп, қаражат жинап, соған мереке ұйымдастырған, деп жазады inbusiness.kz.

Ақтөбе, NEGE. Құршасай елдімекені Ақтөбеден 15 шақырым жерде орналасқан. Сегіз мыңға тарта тұрғыны бар. Ауылда екі мектеп, бір балабақша бар. Халық енді мәдениет үйін тұрғызып берсе деген тілегін айтты.

Жаңадан салған  мектеп алаңын сахнаға айналдырып, маңайына алты киіз үй орнатқан. 

Киіз үйдің есігі барлық келушілерге айқара ашық болды. Мерекені тойлауға келгендер көже ішіп, бауырсақтан дәм тәтті.