Ақтөбені қалың тұман басты
Ақтөбені қалың тұман басты. Облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерін сақ болуға шақырды.
Алматы, NEGE. «Ақтөбе қаласында ауа райының нашарлауына (қалың тұман) және қала сыртындағы трассалардағы көктайғаққа байланысты Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерге жолда мұқият болуды, қауіпсіз ара қашықты сақтауды, ауа райы жағдайларына сәйкес жылдамдық режимін таңдауды ұсынады. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қымзетінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, өткен тәулікте облыста 5 жол–көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.