Ақтөбені жағымсыз иіс жайлады: мамандар себебін таппай жатыр

Ақтөбеліктер бірнеше күннен бері қаланы жайлаған өткір газ исіне шағымдануда. Қала тұрғындары қауіпсіздігі мен денсаулығына алаңдаулы.

Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті

Астана, NEGE. QazaqGaz Aimaq Ақтөбе филиалы қалаға жеткізілетін газ стандарттарға сәйкес екенін, ешқандай апат болмағанын хабарлады.

Экологтар да ауа сапасын тексеріп, ластаушы заттардың шектен аспағанын анықтаған.

«27–28 қаңтар күндері Экология департаментінің мамандары қала аумағында атмосфералық ауаның сапасын анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Жүргізілген өлшеулердің нәтижесі бойынша ластаушы заттардың (күкіртсутек, азот диоксиді, күкірт диоксиді, көміртек тотығы, меркаптандар) шекті рұқсат етілген концентрацияларынан асу фактілері анықталған жоқ, ластану көздері белгіленбеді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Экология департаментінің мамандары QazaqGaz Aimaq мамандарымен бірлесіп, атмосфералық ауаның сапасын бақылау, өлшеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді