Ақтөбеліктер шектеу шараларын жиі бұзған

Ақтөбе облысы бойынша шектеу шараларын бұзғандарға 563 хаттама толтырылды. Барлығы 61 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Алматы, NEGE. «Локдаунның орындалуын мобильді топ қадағалайды. Тексеру кезінде жексенбі күні «Мега Шығыс» базары, «Астана», Орталық базар жұмыс істеген. Бір ғана «Мега Шығыс» базарына 300 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен бірге қоғамдық тамақтану орындары мерекелік шара ұйымдастыруды тоқтатпай тұр. Барлығы 24 тамақтану орны анықталды. Оларға 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынды», – дейді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова.

Ақтөбе облысында 33 мониторинг тобы жұмыс істейді. Топ құрамында жергілікті атқарушы билік өкілдері, мәслихат депутаттары, полиция мен облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері бар.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты