Ақтөбеліктер 63 бірлік қару тапсырды

Ақтөбе облысында қаруды ерікті түрде тапсыру акциясы барысында тұрғындар полицияға заңсыз сақталған 63 бірлік қару тапсырды. Бүгінгі таңда 3 млн. 600 мың теңгеден астам ақшаға облыс тұрғындары өз еркімен қару тапсырды. Оның ішінде 56 бірлік тегіс ұңғылы қару, бес бірлік ұзын ұңғылы ойық қару, екі бірлік травматикалық қару және 517 ойық қаруға арналған патрондар.

Алматы, NEGE. 1 шілде күні Мәртөк ауылы тұрғындарының бірі өз еркімен тәртіп сақшыларына екі тегіс ұңғылы қару тапсырды. Ер адам бұл мылтықтарды Карачаевка ауылындағы марқұм әкесінің үйінен тапқанын түсіндірді. – Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдіргендер Ақтөбе қаласы ПБ-ның 729-853 “қауырт желі” телефондарына немесе “102” нөміріне хабарласса жеткілікті, – деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев. Ақтөбе облысы Полиция департаменті тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған тұрғындар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді