Ақтөбеге шұғыл қонған ресейлік Boeing-777 ұшағының жолаушысы көз жұмды

27 мамыр күні күндіз Екатеринбургтен Сочиге бағыт алған Nordwind Airlines әуе компаниясының Boeing-777 ұшағы Ақтөбе әуежайына шұғыл қонған болатын. 

flickr.com

Алматы, NEGE. Жолаушының бірі өзін жайсыз сезініп, кейін оның көз жұмғаны белгілі болды.

«Әлия Молдағұлова Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Дастан Малиевтің айтуынша, жолаушылар борттан шығарылған жоқ.

– Бүгін шамамен сағат 12:35–те Екатеринбург – Сочи бағытындағы ұшақ Ақтөбе әуежайына қонды. Себебі әуе кемесіндегі жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлаған. Жолаушы көз жұмды. Оның себебін дәрігерлер айта жатар. Nordwind Airlines әуе компаниясының Boeing-777 ұшағы әлі де Ақтөбе әуежайында тұр. «Жолаушының денесінің алып кете ме, қалдыра ма» деген сұрақты шешіп, кейін ұшады. Қазір нақты қай уақытта сапарды жалғастыратыны белгісіз. Оны экипаж мүшелері шешеді. Ұшақтан жолаушылар шығарылған жоқ, бәрі ішінде отыр, – деді Дастан Малиев.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады