2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Ақтөбеге бара жатқан пойызда қыз бала дүниеге келді (видео)

Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. №33 "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы пойызбен келе жатқан Айнагүл Тілеубергенованың толғағы басталған. Оған көмек көрсетуге пойыз бригадасының қызметкерлері дереу жетеді. Пойыз ішінде қыз бала дүниеге келді. 

Жем станциясына жеткенде жаңа туған нәресте мен оның анасын жедел жәрдем қызметкерлері қабылдап алады. Кейін анасы қыздың есімін Малика қойғанын айтты. 

Ресми дерек бойынша, соңғы үш жылда пойызда 11 сәби дүниеге келген екен.