Ақтөбедегі үш оқушы қыздың төбелесі: Қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбе облысында тоғызыншы сыныптың үш оқушы қызы төбелесті. Полиция тексеруді бастады. Ал желіде құқық бұзушылардың бірі таяқ жеген қыздан кешірім сұраған видеосы тарауда.
Алматы, NEGE. Айта кетейік, кеше Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылында мектеп оқушылары төбелесті. Олардың кім екені анықталған. Бәрі - 8-9 сынып оқушылары. Араларында жанжал болып, бірі оны телефон камерасына түсіріп алған.
«Мектеп оқушыларының бірі 8-сынып оқушысын ұрып-соққан. Оқиға орнында болған қатарластары оны ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі, яғни, бұзақылық дерегі бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл фактіні Темір аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары анықтады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
- Шашыңнан тартқан шығармын. Аяғына бірдеңе тығып алған шығармын. Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Ашумен адам не істемейді. Мұны кез-келген адам ашумен жасай алады. Кешіріңіз. Мен бәріне кінәлімін, бәріне мен жауаптымын. Бұл қыздар айналада жүрген, олардың бұған қатысы жоқ, - дейді орамалдағы қыз видеода жылап.
Бұған дейін әлеуметтік желіде оқушы қыздар арасындағы төбелестің видеосы пайда болған. Жанжал Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарши ауылында болды. Видеода екі қыз бір-бірінің жағасын ұстап тұр, сөзбен шүйліккен екеудің бірі екіншісінің шашынан ұстап, жер сүйрете сүйрейді. Екінші видеода жеңілген қызды үшінші қыз тізесімен келіп басады.