Ақтөбедегі мектептердің бірінде карантин жарияланды

Ақтөбедегі мектептердің бірінде қызылша ауруына байланысты карантин жарияланды. Облыс орталығындағы №11-ші мектептің бір сыныбы оқшауланған, деп хабарлады qazaqstan.tv.

Алматы, NEGE. Білім ордасы басшысының айтуынша, бір баладан ауру табылған. Оның қызылшаға қарсы екпе алмағаны белгілі болып отыр. Науқаспен қарым-қатынаста болған балалардың барлығы тексерістен өткен.

Бұл сыныптың балаларына өзге оқушылармен араласуға уақытша тыйым салынған. Қоңырау уақыттары да бөлек. Бұл шаралар 5-інші қазанға дейін жалғасады.

Соңғы мәлімет бойынша, облыс аумағында 400-ге тарта адамнан індет анықталған.