Ақтөбедегі жарылыс: Мамандар үйдің жарамдылығын тексеріп жатыр

Ақтөбе қаласында болған жарылыстан кейін тұрғын үйдің техникалық жағдайын анықтау жұмыстары басталды. Қала әкімдігі арнайы комиссия құрып, мамандарды оқиға орнына жіберді.

ТЖД

АЛМАТЫ, NEGE. Қазіргі таңда оқиға орнында «КазИнжинирингЦентр» ЖШС-нің сарапшылары жұмыс істеуде. Олар үйдің жалпы техникалық жағдайын тексеріп, тұрғындарға қандай көмек көрсетілетінін анықтау үшін қажетті қорытынды әзірлейді.

— Бүгінгі күні зардап шеккен үйдің тұрғындарының бір бөлігі уақытша жатақханаға орналастырылды. Олар үш мезгіл тегін тамақпен және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етілуде, – деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 4 маусым күні кешке Ақтөбедегі Абай даңғылындағы тұрғын үйде жарылыс болды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты.

Жарылыс болған үйдің 4, 5 және 6-подъездерінде электр қуаты сөндірілді. Қазірге дейін алты пәтердің зақымданғаны анықталды. Тұрғындардың кейбірі туыстарының үйіне, ал қалғандары әкімдік ұсынған жатақханаға уақытша көшірілді.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді