Ақтөбедегі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты: 21 адам құтқарылып, эвакуацияланды

Бұл туралы ТЖМ баспасөзі хабарлады

112 kz

Ақтөбе. NEGE.  Ақтөбе қаласы Бөкенбай батыра көшесі бойындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 2 және 3-қабатында электр қалқанында электр сымдарының жануы орын алды. Өрт кезінде 21 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ.