27 октября 2022 г. 17:41
Ақтөбеде зорлықпен өлтірілген екі адамның мәйіті табылды
Ақтөбеде Елек өзенінің жағасынан зорлықпен өлтірілген екі мәйіт табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Алматы, NEGE. 27 мен 31 жастағы ер адамның өлі денесін бұталар арасынан тапқан. Оқиға орнына облыс прокуроры мен жедел-тергеу тобы шықты. Қазір күдіктіні анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.
"Аталған дерекке байланысты Алматы ауданының №3 ҚПБ-мен Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Екі адамның қайтыс болуы ескеріле отырып, қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу барысын облыс прокуроры бақылауға алды", – деп хабарлады Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.