Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушы қыздар өзге аудандағы ағасының үйінен табылды

Ақтөбеде Қобда ауданы, Бесқұдық ауылынан шығып кетіп, хабарсыз қалған 8 және 9 сынып оқушылары ағасының үйінен табылды. Олардың Хромтау ауданына қалай жеткені тексеріліп жатыр.

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері іздеу жұмысын жүргізіп, апалы-сіңлілі оқушыларды Хромтау қаласынан тапты. Қыздар полиция бөліміне жеткізілді. Полиция бөліміне оқушылардың әжесі шақырылды. Олардың үйден кетіп қалу себебі анықталады. Облыстық полиция департаменті еріктілер мен көмектескен адамдарға алғыс айтады,- деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, 17-қараша күні сағат 17:00 шамасында екі оқушы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бесқұдық ауылынан шығып кетіп, хабарсыз қалған. Олар Хромтаудағы әжемізге барамыз деп кетіп қалған.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты