Ақтөбеде жылқының кесірінен жол-көлік оқиғасы болды

Ақтөбе облысында иесіз жайылып жүрген жылқы жол-көлік оқиғасына себеп болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  18 қазан күні сағат 21.00-де “Лада-21214” автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі Жайсаң ауылы жағынан Мәртөк кенті бағытында “Ақтөбе-Орынбор” автожолында атты қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 22 жастағы жолаушы Мәртөк ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылатын жануардың иесін анықтайды.

«Иесіз жайылып жүрген мал ең алдымен түнгі уақытта қауіп төндіреді, кенеттен жолға шығып, жол-көлік оқиғаларын тудырып, сонымен бірге қылмыс объектісіне айналады. Облыс жолдарында жануарлардың қатысуымен бес ЖКО орын алды, онда жеті адам зардап шекті, – деп түсіндірді Ақтөбе облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Әлиев.
 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды