Ақтөбеде жас инспекторлар слеті өтіп жатыр

Ақтөбеде мектеп оқушыларының қатысуымен жас инспекторлар слеті өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбеде, NEGE. Балалардың жолда жүру қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған шараға өңірдегі білім ұяларынан 100-ге жуық үміткер келді. Олар жол қозғалысы ережесін білу, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас реттеуші секілді 9 кезеңнен тұратын байқауда бақ сынап жатыр. Мақсат – оқушыларға сақтық шараларын үйрету. Себебі жыл басынан бері өңірде балалардың қатысуымен 35 жол-көлік оқиғасы болып, бес жасөспірім қаза тапқан. Тағы 42 адам түрлі дене жарақатын алыпты. Бұл полиция қызметкерлерін де алаңдатып отыр.

Қанат Әлиев, ПД Бастығының бірінші орынбасары:

- Қазір енді өздеріңізге белгілі бәрі жаздық каникулға кетеді. Сол себептен біздің тағы жоспарларымыз бар. Мына лагерьлерде осындай іс-шараларымызды әлде де жалғастырамыз, өткіземіз. Себебі бұларға тағы да айта керек мына мүдделі ведомстволар және де ата-аналар, соның ішінде жүргізушілердің осы мәселеге назарын аудару керек.