Ақтөбеде шошқа тұмауы анықталды

Эпидемиологиялық кезеңде 26 адамнан А типі H1N1-pdm09 тұмауы, яғни шошқа тұмауы анықталған.

Алматы, NEGE. Өңір жасыл аймақта. Жыл басталғалы бері 7 науқастан СOVID-19 анықталды. Вирус көбіне 40 жастан асқан адамдарда арасында тіркеледі.

Айта кетейік, ел бойынша соңғы тәулікте 105 қазақстандық коронавирус жұқтырды.

«Эпидемиологиялық кезеңнен бастап 2198 үлгі зерттелді. Оның 263 (11,97%) оң нәтиже көрсетті. Соның ішінде 237 (90,1%) жағдай тұмаудың В типі және 26 (9,9%) жағдайда А типі H1N1-pdm09, яғни, шошқа тұмауы екені анықталды. Тұмау емес вирусты анықтпу үшін (парагрипп, аденовирус, риновирус, МС вирусы) 291 үлгі зерттелді. Нәтижесінде 7 МС вирусы, 12 риновирус және 35 аденовирус тіркелді. ЖРВИ-мен ауырған 1620 адам ауруханаға жатқызылды», - деді Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.