Ақтөбеде пәтерлердің бірінен анасы мен баласының зорлық белгілері бар мәйіті табылды

29 наурыз сағат 05:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен екі мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Келген жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жасар қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы қылмысты жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған арнайы және жедел іс-шаралар өткізіліп жатыр.