Ақтөбеде пәтер ұрлығымен айналысқан Алматы облысының тұрғыны ұсталды

Ақтөбеде пәтерлерге жасырын кіріп, ұрлық жасаумен айналысқан Алматы облысының тұрғыны ұсталды.

Алматы, NEGE. Ұрыдан ірі көлемдегі шетелдік және отандық валютадағы ақша мен алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар тәркіленді. 34 жастағы азамат «Ақжар-2» елді мекенінде жасаған кезекті заңсыз әркетінен кейін қолға түскен. Ондағы пәтерлердің біріне терезесін сындырып кіріп, ақша мен құнды заттарды алып кетіпті. Күдіктінің көлігін тінту кезінде қолды қылғандары табылды.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, ол негізінен күзет жүйесімен қамтылмаған ауылдардағы үйлерді таңдаған және әзірге бес пәтер ұрлығына қатысы бары анықталып отыр. Күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?