Ақтөбеде оқушы жоғалды

Ақтөбе облыстық полиция департаменті із-түзсіз жоғалып кеткен Анатолий Лебедевті іздеп жатыр. Ол Алға ауданы, Қарақұдық ауылындағы үйінен 1 қаңтар күні сағат 04:30-да шығып кеткен.

Алматы, NEGE. «Ол 11-сынып оқушысы. Бойы – 170-175 см. Қара шалбар, қою күлгін түсті күрте киген. Іздеу жұмыстарына бірнеше топ жұмылдырылды. Құрамында полиция, ауыл тұрғындары мен әкімдік қызметкерлері бар. Қандай да бір ақпарат білетін адамдардың мына телефон нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз: 102, 936-232, 936-325, 8705 819 55 82», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқушыны іздеуге полиция қызметкерлері мен кинологтар жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына 30 полиция мен 10 төтенше жағдайлар қызметкері жұмылдырылды. Оларға қосылып екі арнайы техника мен ауыл әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті тұрғындар шықты. Сонымен қатар көршілес Қобда ауданынан 40 полиция қызметкері бар. Кинологтар да іздеуге кірісті», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ