Ақтөбеде мектеп оқушысы студентті қорқытып, несие рәсімдеткен

Ақтөбеде мектеп оқушысы 17 жастағы колледж студентін қорқытып, тонап кетті, деп хабарлайды «Мой город» басылымы.

Алматы, NEGE. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі колледж студентінің ата-анасы облыстық департаментке қарақшылық шабуыл туралы арызбен жүгінгенін мәлімдеді.

Бейтаныс жігіт қорқыту арқылы ұлына iPhone 11 телефонын сатып алу үшін 330 мың теңге онлайн несие рәсімдеткен. Күдікті ұсталды, ол қаладағы мектептердің бірінің 11-сынып оқушысы болып шықты.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны көздейді.