Ақтөбеде қорап ішінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

19 желтоқсан күні сағат 22:05-те полицияға Ғ.Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қорапқа салынған баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарланған.

Алматы, NEGE. Осы факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, жаңа туған ер баланың мәйітін анықтады

ҚР ҚК-нің 100-бабы "Ананың жаңа туған баланы өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ананың жеке басын анықтау үшін жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.