Ақтөбеде кәсіпкерлерді алдап кеткен күдікті анықталды

Ақтөбеде кәсіпкерлерді алдап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Полиция бөлімдеріне дүкен иелерінен бірнеше өтініш түсті. Кәсіпкерлер арыздарында салқындататын сусындарын жеткізу сылтауымен қолма-қол ақшаны иемденген жас жігіттің құрбаны болғанын айтқан.

Бүгінгі таңда 6 жәбірленуші анықталды. Бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді.

Полиция департаменті кәсіпкерлерге жоқ тауарға, әсіресе сауда фирмасы атынан келген бейтаныс адамдарға төлем жасамау керектігін ескертеді.