Ақтөбеде қаржы пирамидасының басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды

26 сәуірде Ақтөбе қалалық №2 сотымен “Центр финанс” қаржы пирамидасының басшысы Б.Томинге айыптау үкімі шығарылып, нәтижесінде соңғы 6 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды.

Алматы, NEGE. 197 салымшыларға келтірілген шығын 825 млн теңге.

Аталған ұйым салымшылардың салынған ақшаларының үстінен 40 пайызға дейін пайдаға кенелетінін меңзеп, 300 мың теңге мен 2 млн теңге арасында қаржылай жинап алған, одан бөлек автокөліктерді жоғары нарықтық бағамен сатып алып, оларды төмен нарықтық бағамен сатқан.