10 декабря 2023 г. 9:51

Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр

Фото:

8 желтоқсан полицияға "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласып, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткенін хабарлады.

Алматы, NEGE. Олар Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 жылы туған. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара. 

Тезекбаева Амина Иманқұлқызы - 14.03.2006 жылы туған. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.

Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туған. Сұр түсті спорттық киім киген.

Қыздарды полиция қызметкерлері мен, еріктілер іздеп жатыр.

Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық азаматтардан “102” немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұрайды.

Тегтер: