Ақтөбеде есірткі жасырғандар ұсталды

Ұсталғандар - облыс орталығының 20 жастағы екі тұрғыны.

Алматы, NEGE. Олардың біреуінен полиэтилен пакет тәркіленді, оның ішінде 186 дана орамша, болжам бойынша, салмағы 500 грамм мефедрон, кеңсе пышағы, 8 дана изолента, zip-пакеттері және электронды таразы.

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.