27 октября 2022 г. 19:32

Ақтөбеде екі адамды өлтірді деген 9 күдікті ұсталды

Фото:

Полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі азаматты өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын. 

"Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елдімекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде" - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетсек, 2022 жылы 26 қазанда Ақтөбеде Нокин көшесінде орналасқан монша кешеніне қарама-қарсы Елек өзенінің жағасынан белгісіз екі адамның денесі табылды.

Тегтер: