26 октября 2022 г. 18:53

Ақтөбеде бұрынғы әкім бас бостандығынан айырылды

Фото:

Ақтөбеде бұрынғы әкім Абат Көбенов үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ақтөбе облыстық соты мәлімдеді. 

"Ақтөбе қаласының №2 сотымен алаяқтық жасау айыбы бойынша К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 2) тармағы). Сотпен, К. Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, 2020 жылғы сәуір-тамыз айларында өзінің бұрынғы танысы Қ-ға жер телімін алып беремін деген сылтауымен алдап, соңғысынан жалпы сомасы 1 383 915 теңге ақша қаражатын алғаны анықталды", - делінген сот мәлімдемесінде. 

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады.Сотталушының кінәсі жәбірленуші К-нің жауабымен, “Kaspi Gold” ақша аударымдарымен расталды.

Прокурор сотталушыға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

Сот, К.-ны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: