Ақтөбеде боранда қалған жолаушылар құтқарылды
Ақтөбеде Самара - Шымкент тасжолы жабылып, жолда қалған көліктегі адамдар эвакуацияланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Өткен тәулікте ауа райы күрт бұзылып, Самара - Шымкент тасжолының бірнеше бөлігі жабылды. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, қар құрсауынан 9 адам құтқарған. Тағы 106 адам эвуакацияланды.
«Барлығы 7 елдімекенде 15 жеңіл көлік, 366 жүк көлігі, 7 жолаушылар автобусы тоқтатылды. 112 құтқару қызметінен 106 жолаушысы бар 2 автобус жүргізушісі көмек сұрады. Құтқарушылар Өзбекстан азаматтарын Әйтеке би ауылының мешітіне орналастырыды»,-деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен бірге Мұғалжар ауданы орталығынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан ауылда 24 жастағы жүкті келіншекке көмек қажет болды. Құтқарушылар әйелді Қандыағаш қаласының ауруханасына аман-есен жеткізді.
Ақтөбе облысының ТЖ департаменті жолға шығар кезде хабарламаларды ескеруді сұрайды.