Ақтөбеде баласын шайханаға тастап кеткен әйел табылды

Бұл туралы

Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Алматы, NEGE. Ювеналды полиция қызметкерлері үш апталық қызды балалар үйіне жеткізді.

Ал Ақтөбеде жалдамалы пәтерде тұратын 31 жастағы оның анасын анықтап, полиция бөліміне әкелді.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің хабарлауынша, әйел алкогольдік ішімдік ішкен таныстарымен кездескенін түсіндірді.

Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол профилактикалық есепке алынған.

Еске салсақ, Ақтөбеде әйел жаңа туған баласын шайхана қызметкерлеріне бірнеше минутқа қарай тұруға қалдырып, өзі ізім-ғайым жоғалған болатын.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды