Ақтөбеде автобус аударылып, 26 адам зардап шекті

15 ақпан күні сағат 9:40 шамасында жолаушы автобусы мен Фольксваген-Поло автокөлігі қақтығысып, автобус аударылып қалған. Жол оқиғасы Ғ.Жұбанов пен О.Сейітов көшелерінің қиылысында болған.

Алматы, NEGE. №37 бағытындағы автобуста 19 әйел 7 ер адам болған. Олардың барлығы да Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Әзірге кімнің кінәлі екені белгісіз. Жол оқиғасына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысының Полиция департаменті жолдың көктайғақ екеніне байланысты жүргізушілерге абай болуды әрі жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.  

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді

Қырғызстанда министр қоғамдық орында шылым шеккені үшін жазаланды