Ақтөбеде анасы мен ұлын өлтіріп кеткен күдікті анықталды

29 наурыз күні Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған ұлының мәйіті табылды, ал оның 13 жасар қызы Облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне ауыр жарақаттармен жатқызылған болатын, деп хабарлады Polisia.kz.

 

Алматы, NEGE. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментін үйлестіруімен тергеушілер мен жедел қызметкерлердің жұмысының нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деп анықталып, ұсталды.

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол жиналған дәлелдемелердің салмағымен қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті қамауға алдынды.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.