Ақтөбеде Абайдың еңселі ескерткіші ашылды

Ақтөбе қаласында ақын Абайға ескерткіш орнатылды.

Алматы, NEGE. Ақтөбе қаласында «Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық форумы өтті. Оған Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын Ақұштап Бақтыгереева, ШҚО Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров қатысты. Әдеби кештен соң ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды. «Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, рухы көрініс тауып келеді. Биылғы мерейтой елге ой салатын, тағылымы мол нақты шаралармен жалғасуда. Әлемге танымал бас ақынымыздың еңбегін халық болып ұлықтау мемлекетіміздің мерейін арттырады. Ұлы ойшылдың асыл мұрасын ардақтау және жан-жақты дәріптеу – баршамыздың міндетіміз. Ол үшін бүгінгі буын Абай мұрасынан нәр алып, рухани кемелденуі қажет. Бұл үрдіс Абай жылынан кейін де жалғасын табатын болады» - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Ескерткіштің ашылу салтанатында Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұ.Есдәулет, ақын А.Бақтыгереева құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Е.Жұрынбаев министрдің арнайы құттықтау сөзін жеткізді. ШҚО Абай ауданының әкімі Ж.Байсабыров ұлы ақынға құрмет көрсетіп жатқан ақтөбелік ағайынға өз алғысын білдірді. «Ұлы Абай біздің ұлтымыздың ұлы ұстазы, адастырмас ақылшысы, аспанда жарқыраған темірқазық жұлдызы. Оның шығармалары біздің ұлттық идеологиямыздың құрамдас бөлігіне айналды. Биыл Қазақстан және түркі халықтары үшін Абай жылы болды. Сонымен бірге Жазушылар Одағының ұсынысымен Абай күні бекітілді. Абай жылдары қиын-қыстау кезде халықты аман алып шықты. Тәуелсіздік тұсында да өз бағыт-бағдарын Абайға қарап айқындады», - деді Ұ.Есдәулет.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған