Ақтөбеде жоғалып кеткен ерлі-зайыптылар өлі күйінде табылды

Ақтөбеде іздеу жарияланған ерлі-зайыптылардың екеуі де өлі күйінде табылды. Бұл ақпаратты өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Pixabay

Астана, NEGE. 20 қарашада волонтерлер із-түссіз жоғалған отбасылық жұпты іздеу туралы хабарлаған. Ерлі-зайыптылар шамамен таңғы 10:00-де үйден шығып, қайта оралмаған.

Бүгін, 21 қарашада, полиция әйелдің мәйіті табылғанын мәлімдеді. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екен.

«Қосымша іс-шаралар барысында күйеуі асылып өлген күйде табылды. Оқиға орнында тергеу-оперативтік топ жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады ведомства.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындады.

Қазір оқып жатыр

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

Балалар лагерьлерін енді ескертусіз тексереді

Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді