Ақтөбеде жеке үйге кіріп кеткен белгісіз адам қызды кепілге алды

Ақтөбе қаласындағы Мәскеу ауданында орналасқан жеке үйге белгісіз біреу кіріп кетіп, қызды кепілге алды. 

Видео-скрин

Алматы, NEGE. Қазір келіссөз жүріп жатыр.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102-ге қоңырау түскен. Онда қызды кепілге алғаны туралы хабарлама болды.

«102 пультіне жеке үйлердің біріне белгісіз адам кіріп кетіп, қызды кепілге алды деген хабар келіп түсті. Сол жерге барлық төтенше қызмет өкілдері жіберілді. Сол аудан қоршауға алынды. Полиция департаментінің бастығы, қала прокуроры сол жерде жүр, келіссөз жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полициядан.

Қазір оқып жатыр

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді