Ақтөбеде заңсыз алкоголь сатқан кәсіпкерлер анықталды

Ақтөбеде заңсыз алкоголь сатқан кәсіпкерлер анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алкоголь өнімдерін заңсыз сату – бұл тек қана әкімшілік құқық бұзушылық емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекет.

Ақтөбе облысында өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері заңсыз алкоголь саудасына қарсы рейдтік шараларды күшейтті. Бақылаудың негізгі нысандары – көңіл көтеру орындары мен бөлшек сауда нүктелері. Іс-шара басталғалы бері құқық қорғау органдары алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмағандарға сату және белгіленбеген уақытта өткізу бойынша 400-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады.

Бұл заң бұзушылықтар 27 алкомаркет, 334 дүкен және 8 дәмхана тарапынан болған. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыларға салынған жалпы айыппұл көлемі 38,5 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар, тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатқан 149 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңсыз айналымнан 3000-ға жуық алкогольдік ішімдік тәркіленді.

Бұл өнімдер 16 кафе, 8 алкомаркет және 89 дүкеннен алынды. Мысалы 15 қазан күні Ақтөбе қаласында учаскелік полиция инспекторлары алкоголь өнімдерін заңсыз сатқан үш караоке-клубты анықтады. Әр нысаннан 100-ден астам бөтелке алкоголь өнімі тәркіленіп, іс материалдары сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?

Таиландта дүниеге келген нәресте мен анасы санавиациямен Алматыға жеткізілді