Ақтөбеде үйіне жету үшін өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктілер анықталды

Ақтөбеде үйіне жету үшін өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен екі азамат анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Маусым айының соңында облыс орталығында Ваз-2114 автокөлігі ұрланды. Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер екі күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Күдіктілер түнгі мезгілде үйлеріне жету үшін құлыпталмаған көлікті оталдырып, айдап кеткені анықталды. Алайда көлік бұзылып қалғандықтан, олар межелі жерге жете алмай, көлікті жол жиегіне тастап кеткен.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Автокөлік иесіне қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды