Ақтөбеде төбелес болып, бір адам ауруханада көз жұмды

Оқиға мамырдың 27-нен 28-іне қараған түні болды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Ақтөбеде 18-22 жастағы жігіттер төбелесіп, бір адам аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Олар Ақтөбе қаласы Мал базары аумағында төбелескен. Ауруханада оқ және пышақ жарақатын алған 8 бала жатыр.

– Ауруханаға жеткізілгендердің бірі алған пышақ жарақатынан реанимация бөлімшесінде қайтыс болды. Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт адамды «ізін суытпай» анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қылмыстық істі тергеу барысы Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының жеке бақылауында, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр