4 июля 2025 г. 13:25

Ақтөбеде суицид жасаған оқушының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр

Фото: Полиция

Мәртөк ауданында 15 жастағы оқушының өлімінен соң тергеу жүріп жатыр. 

Алматы, NEGE. Қайлығы оқиға биыл сәуір айының соңында болды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, бойжеткен сыныптасына ғашық болып, екеуінің арасында мамхаббат оты тұтанған. Алайда сенген сыныптасы оған сексуалдық зорлық көрсеткен. Мұны оқушы ешкімге айтпай, іштен тынып, соңында өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазіргі кезде суицид бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Дегенмен полиция болжамдарды да тексермек.

– Полиция Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету» бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы тексеріліп, куәгерлерден жауап алынуда. Сонымен бірге болжамдар да тексеріледі. Тергеп-тексеру жұмыстарынан соң заң аясында процесуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, көз жұмған оқушы қандайда бір есепте тұрмаған.

– №3 Мәртөк орта мектебінің 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Оқушы диспансерлік есепте тұрмаған. Білім басқармасы шұғыл мобильдік топ құрылып, зерделеу және психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргіп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы баспасөз қызметі.