Ақтөбеде сарбазды ұрған сержант бас бостандығынан айырылды

Ақтөбе гарнизонының әскери соты сержантты әскери өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды.

gov.kz

Астана, NEGE. Сержант Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни жәбірленушінің денсаулығына елеулі зиян келтіруге әкеп соққан, өзінің құқықтары мен өкілеттіктерінің шегінен шығатын әрекеттерді жасады деп айыпталды.

Тергеу дерегінше, ол мерзімді әскери қызметшілерге жауапты бола тұра, сарбаздардың бірін ұрып, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген.

Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындамай, ақтауды және сот шығындарын ғана өтеуді сұраған.

«Сотталушының кінәсі сот сараптамасының қорытындысымен, жәбірленушінің, куәлардың және сарапшының айғақтарымен дәлелденді. Ақтөбе гарнизонының әскери соты К.-ны кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – делінген әскери сот хабарламасында.

Бұған қоса жәбірленушінің пайдасына 700 мың теңге моральдық өтемақы, сондай-ақ 900 мың теңге сот шығындары өндірілді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.