Ақтөбеде ресейлік Boeing-777 ұшағы шұғыл қонды

Ақтөбеде Nordwind Airlines әуе компаниясының Boeing-777 ұшағы шұғыл қонды.

Фото: Flightradar24

Алматы, NEGE. 27 мамыр күні күндіз Екатеринбургтен Сочиге бағыт алған Nordwind Airlines әуе компаниясының ұшағы Қазақстан аумағы үстінде шұғыл қону үшін апат сигналын берген.

Әуе кемесі Мұқыр ауылының үстінен кері бұрылып, көп ұзамай Ақтөбе қаласының әуежайына қонды. 

Белгілі болғандай, әуе кемесінің бортында 564 жолаушы болған. Ұшақ Екатеринбургтен Сочиге бағыт алған. Жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезініп, Ақтөбеге мәжбүрлі түрде қонған.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады