Ақтөбеде өзінің ішкі ағзаларын заңсыз сатпақ болған ер адам ұсталды

Ақтөбеде өзінің ішкі ағзаларын заңсыз сатпақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының прокуратурасы.

gov.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы прокуратурасы әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «E» есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатпақ болғаны туралы ақпаратты анықтады. 

2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «E» есімді азаматты ұстады. Ол өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған. 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады