Ақтөбеде оттегі баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

Ақтөбе қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан дүкенде өрт шығып, екі адам түрлі дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Оқиға Астана ауданына қарасты А. Макаренко көшесінде болған.

Ғаламтордар

АЛМАТЫ, NEGE. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өрт дүкеннің шатыры тұсындағы ағаш құрылымдардан басталған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше, ғимаратта оттегі баллоны жарылғаны туралы хабарланған.

— «Өрт сөндірушілер өрттің нақты ошағын анықтау үшін шатырды ашып, шамамен 100 шаршы метрді қамтыған өртті сөндірді. Оқиға салдарынан екі адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді», — делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді