Ақтөбеде оқыс оқиға болған жерге арнайы комиссия барды

Қорғаныс министрлігі авиациялық апат бойынша ресми хабарлама таратты.

aqtobe.kz

Алматы, NEGE. 

Оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басқаратын арнайы комиссия барды.

Алдын ала болжам бойынша, авиациялық апатқа техникалық ақау себеп болған. Қорытынды тергеу аяқталғаннан кейін жарияланады.

Қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына материалдық төлемдер және барлық қажетті қолдау көрсетіледі.

Ми-8 тікұшағына соңғы күрделі жөндеу 2023 жылы жасалған.

Тікұшақ экипажының да айтарлықтай тәжірибесі бар және төтенше жағдайларға тап болған кезде де тапсырмаларды орындау үшін кәсіби түрде дайындалған.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?