Ақтөбеде мас күйінде көлік айдаған шенеунік 15 тәулікке қамалды

Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ақылбек Исатаев мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Ақтөбе облысының әкімдігі

Алматы, NEGE. 14 ақпан күні түнгі 01:22-де Әйтеке би ауданы, Т. Жүргенов ауылында Ақылбек Исаевты жол полициясы тоқтатқан. Исатаев көлік жүргізгенін мойындағанымен, мас болмағанын, тек 1-1,5 литр қымыз ішкенін айтты. Медициналық сараптама оның жеңіл дәрежеде мас болғанын растады. Сот шешімі бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамақ, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Айта кетейік, бұл оқиға мемлекеттік қызметкерлердің тәртібі мен жауапкершілігіне қатысты қоғамда үлкен талқылау туғызды.

Қазір оқып жатыр

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді