Ақтөбеде киік таптаған алқаптың нақты көлемі анықталды
Ақтөбеде 395 гектар бидай, 746 гектар көпжылдық еркекшөп алқабы тапталған. Қазір шаруаның егіс алқабында күзет бар.
Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы «Құмқұдық» ЖШС-і жергілікті әкімдікке хабарды 4 мамыр күн берді. Ал кеше комиссия барып, егіс алқабын тексерді.
«Тексеру кезінде 395 га бидай, 746 га көпжылдық еркекшөп алқабының тапталғаны анықталды. Қазіргі кезде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК облыстық филиал қызметкерлері киікті үркіту жұмысын жүргізіп жатыр. Мұндай жағдай соңғы 2-3 жылдықта байқалып тұр. 2023 жылы облыс бойынша 16 мың га жерді киік таптап кетті. Ал жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдары киік санын реттеу, шығынды өтеу туралы ұсыныс айтып келеді.
Облыс әкімдігі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, ҚР Ауыл шаруашылығына министрлігіне ұсынысты қарау туралы ресми хат жіберілді. Сонымен бірге жергілікті атқарушы орган Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірге егіс алқабын қорғау үшін жұмыс тобын құрды», – деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.