Ақтөбеде итті пышақтап, аяусыз тепкен оқушыны полиция есепке алды

Оқиға Темір ауданы Кеңқияқ ауылында болды. 9-сынып оқушысы итті тепкен, пышақтаған. Видео әлеуметтік желіге тарап кетті.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Ақтөбе облыстық полиция департаменті әлеуметтік желідегі видеоны зерттеп, баланың кім екенін анықтады.

– Әлеуметтік желіге талдау жүргізу барысында жас баланың итті қорлап, пышақ сұққан бейнежазбасы анықталды. Тексеру барысында оқиға биыл мамыр айында Темір ауданының аумағында болғаны және жануарға қатігездік танытқан 9-сынып оқушысы екені белгілі болды. Оқушы өзінің ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар оқиға аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында баланың ата-анасының қатысуымен қаралады. Жасөспірім полицияның есебіне қойылады. Сонымен қатар қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін