Ақтөбеде ер адам ұрыларға туысының пәтерінен ақша жымқыруға көмектескен

Қаңтар айының басында Ақтөбедегі пәтерден ірі көлемде ақша ұрланды.

Полиция

Алматы, NEGE. Күдіктілер пәтерге пластикалық терезе арқылы кіріп, 10 млн теңгені қолды қылған. Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады.

Тергеп-тексеру барысында ұрыларға жәбірленушінің туысы көмек көрсеткені анықталды. Ол күдіктілерге туысының пәтерінде қолма қол ақша бар екенін айтқан. Ұрланған ақшаны күдіктілер өз қажеттіліктеріне жұмсаған, несиелерін төлеп, ойын-сауық орындарына барған. 

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты