Ақтөбеде ер адам тауып алған банк картасымен сауда жасаған

Ақтөбеде ер адам тауып алған банк картасымен сауда жасаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Полицияға жергілікті тұрғын банк картасын жоғалтқаны туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол өзінің картасының жоғалғанын телефон нөміріне ақша алынғаны туралы хабарламалар келе бастағанда ғана білген.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеп-тексеру барысында ер адам банк картасын көшеден тауып алып, бірнеше сауда дүкендерінен өзіне қажетті заттарға табылған картамен төлем жасағаны анықталды. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 160 мың теңгеден асты.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті кінәсін мойындады.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынды

Түркістан облысында бір стоматолог бір мезгілде ондаған пациенттің «тісін емдеген»

Оқушы қыздар халықаралық математика олимпиадасында үш медаль жеңіп алды

Ақмола облысында ерлі-зайыпты суррогат анамен соттасып, ақшасын қайтарып алды